01
желтоқсан
2025
2025 жылғы 25 қараша -10 желтоқсан аралығында "Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар.
№22жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылғы 25 қараша -10 желтоқсан аралығында "Қатыгездік және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар.«Мектептегі және мектептен тыс ортадағы психологиялық және физикалық зорлық-зомбылықтың алдын алу» бойынша 5–11 сынып оқушыларымен талқылау жүргізілді.Мақсаты:Оқушылардың қоршаған ортадағы психологиялық (эмоционалдық) және физикалық зорлық-зомбылық туралы түсінігін кеңейту, өздерін қорғау жолдарын үйрету, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру.
Іс-шара еркін форматта өткізілді. Оқушыларға психологиялық және физикалық зорлық түрлері, оның салдары, мектеп пен отбасындағы көріністері, кибербуллинг туралы ақпарат берілді. «Зорлыққа – жол жоқ!», «Қауіпсіз орта – біздің таңдауымыз» тақырыптарында бейнеролик көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылды.
Нәтижесінде
Оқушылар зорлық-зомбылық туралы нақты түсінік алып, қиын жағдайларда қайда және кімге жүгіну керектігін білді. Қатысушылар белсенділік танытып, пікірлерімен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Мектеп медбикесі: Б.С.Дарибаева
Мектеп психологы: М.Е.Рамаданова