27
қараша
2025
✅21-28.11.2025 ж. күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» республикалық науқаны аясында мобильдік топпен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шара өткізілді.
✅21-28.11.2025 ж. күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде «Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз бақытты балалық шақ» республикалық науқаны аясында мобильдік топпен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шара өткізілді.✅Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта заңсыз жүруінің алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейту.✅Рейд барысында қоғамдық орындар, ойын алаңдары, көшелер және басқа да нысандар тексерілді. Нәтижесінде түнгі мезгілде ата-анасының қараусыз, қадағалауынсыз жүрген білім алушылар анықталған жоқ.