25
мамыр
2025
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»
Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 Заңының 4 бабына сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алу мақсатында 2025 жылдың 21-25 мамыры аралығында полиция бөлімдерімен бірлесе отырып рейдтік іс-шаралары 22 жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылып өткізілуде.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша 24 мамырда өтетін оқу жылының аяқталуына арналған іс-шараларда қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында полиция бөлімдерімен бірлесе отырып кезекшіліктер, күндізгі және түнгі рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, мектеп бітіруші түлектердің, мектеп оқушыларының, ойын-сауық орындарына (кафе, мейрамханалар, демалыс орындары т.б) бармауын, қымбат көліктер мен лимузиндермен саяхат жасамауын қадағалау бойынша мобильдік топтар құрып, қадағалау жұмыстары күшейтілуде.
Сонымен қатар 24 мамыр – 20 маусым аралығында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, түнгі мезгілде қадағалаусыз жүруінің алдын алу мақсатында полиция бөлімдерімен бірлесе отырып, волонтерлық негізде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда