22
қазан
2024
Қазан айының 22-сі күні "Қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг өтілді.
Қазан айының 22-сі күні "Қысқа мерзімді жоспар жасаудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында семинар-тренинг өтілді. Семинар-тренинг барысында мұғалімдерге қысқа мерзімді жоспардың құрылымы, оқу мақсаты мен сабақ мақсатын нақты құрастыру жолдары, тиімді бағалау критерийлері мен дескрипторлар дайындау, саралау түрлері мен белсенді оқыту әдістерін сабаққа кіріктіру бағытында тәжірибелік тапсырмалар ұсынылды. Қатысушылар топтық және жекелеген жұмыстар арқылы өз пәніне сай ҚМЖ үлгісін әзірлеп, кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.