27
ақпан
2025
«Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас» тақырыбында сабақ өткізді.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 27-ақпан күні бастауыш сынып мұғалімдері Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ата-аналарды қолдау бойынша ата-аналармен «Отбасылық үйлесімділіктің кілті – сенімді қарым-қатынас» тақырыбында сабақ өткізді. Мақсаты: Ата-аналарға балалармен сенімді қарым-қатынас негізінде отбасында үйлесімділік құру қажеттілігі туралы түсінік беру. Міндеттері: Ата-аналарды балалармен үйлесімді, сенімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру. Ата-аналардың балалар мен ата-аналар арасындағы сенім туралы түсініктерін қалыптастыру және кеңейту. Оқытудың белсенді әдістері арқылы сенімді қарым-қатынас құру дағдыларын дамыту. Сабақ барысында «Сенім дегеніміз не?» ми шабуылы, «Өзара түсіністік» бейнеролигін көріп, талдау жасады, «Карусель» әдісі бойынша топтық жұмыс жүргізілді, «Отбасылық үйлесімділіктің 7 кілті» ата-аналармен жұптық жұмыс жасалды. Сабақ соңында «Бес саусақ» әдісі арқылы ата-аналардан кері байланыс алынды.



