«Дінмұхамед Қонаев - ұлтын сүйген тұлға» тақырыбында 9-бірыңғай ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Дінмұхамед Қонаев - ұлтын сүйген тұлға» тақырыбында 9-бірыңғай ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.
17
қаңтар
2025

«Дінмұхамед Қонаев - ұлтын сүйген тұлға» тақырыбында 9-бірыңғай ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.

✅2025 жылдың 16-қаңтар күні
№ 22жалпы орта білім беретін мектебінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 12 қаңтар туған күніне орай «Дінмұхамед Қонаев - ұлтын сүйген тұлға» тақырыбында 9-бірыңғай ашық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді.
Ашық сабақтар топтамасында – оқушыларға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен қызметі, ел дамуына қосқан үлесі туралы мәліметтер берілді.
Сабақтардың мақсаты – ұлт мүддесін жоғары қойған тұлғаның өнегесін таныту арқылы оқушылардың бойында патриотизм, тарихи сана және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтарда Қонаевтың тарихи рөлі талданып, оқушылардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға жағдай жасалды. Сонымен қатар тарихи деректер, құжаттар, бейнематериалдар, талдау сұрақтары мен топтық тапсырмалар жүргізілді.
Сондай-ақ Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірбаянымен, еңбек жолымен, наградалары және марапаттарымен, шығармаларымен танысты. Ұлы тұлға туралы бейнефильм көрсетілді. Сабақ барысында білім алушылар Д.А.Қонаевтың Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі туралы өз білімдерімен бөлісті.