«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны
13
желтоқсан
2024

«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

№22 ЖОББ мектебінде 16 желтоқсан ҚР мерекесі күніне орай мерекелік іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. Жоспар аясында 2024 жылдың 13желтоқсан күні оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Мен Тәуелсіз елдің ұланымын!» атты Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. 

Жиынға  желтоқсан оқиғасының ардагерлері Алтаев Бақыт,Курымбаева Бота Керимбайқызы, Жиргалбекова Ғалия Рахимқызы, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова қатысып ұйымға, қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук тағып, жүрекжарды тілегін жеткізді. 

«Жас Ұлан» балалар ұйымына 2-ші және 5 сынып оқушыларынан оқушы қабылданды. Іс-шара аясында жас ұландықтар салтанатты түрде ант беріп, жас қырандықтар тәуелсіздікке арнап мәнерлеп оқуларын оқып, құттықтау лебіздерін айтты. Тәуелсіз ел аясында бейбіт өмірдің құшағында бақытты балалық шағын кешіп жүрген жас достарымызды «Жас Ұлан» БмЖ ұйымына қабылдануларымен құттықтаймыз!