16
қыркүйек
2024
"Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жол ережесі "тақырыбында кездесу
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың қыркүйек айының 16-күні кәмелетке жасы толмағандармен және оларға қатысты жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу мақсатында "Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, жол ережесі "тақырыбында кездесу ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараға
қатысқандар: Мектеп директоры Б.Т.Бектурганов, ДТІЖО П.Е.Батырбекова, УИП полиция майоры А.Исахметов, Мектеп инспекторы Мұхтар Талшын
АӘД пәнінің жетекшісі А.Мәуленбеков 9-11сынып жетекшілер және 30оқушы.

- Мектеп ішіндегі тәртіп, құқықбұзушылық, қарым-қатынас туралы айтылды.
- Жолда мопед, сутер ҚР ӘҚБтк-нің 620 бабы бойынша оқушыларға айыпұл салынатындығы туралды заңмен таныстырды.
- Мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып, арнайы бұрышқа стенд жасалып салынғандығы туралы айтылды.
- Мектеп ішінде ұялы телефондарды орналастыратын ұяшық жасалғанын, ондағы ұяшықтарға 5-11 сынып білім алушылары өз телефондарын сабақ басында қойып кетіп, үзіліс арасында қажет болған жағдайда алып, сабақ соңында алынуын атап айтып, ескерту жасалды.
#Біртұтас_тәрбие#қауіпсіздік#ішкі_тәртіп#22жоббм
инстаграм сілтеме:
https://www.instagram.com/p/DAEWeMbsNKW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==






