03
сәуір
2024
білім алушылары арасында балалардың жол жарақатының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 3-сәуір күні ЖПҚБ ЮПТ полиция лейтенанты А.Маңызқызы, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова мектеп білім алушылары арасында балалардың жол жарақатының алдын алу бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді.Бала келешегіміздің кепілі, дені сау ұрпақ Қазақстанның қарыштап қанат жаю жолында бүгінді ертеңге жалғаушы дәнекер. Осы жолда жас ұрпаққа саналы білім мен рухани тәрбие беріп қана қою аз, біз оларға төнетін өзге де қауіптің алдын алуымыз шарт. Жолда болатын апаттардан балалар жиі жарақаттанады және балалар мен жеткіншектер арасында абайсызда болатын өлім себебі жол-көлік оқиғасы болып табылады. Қайғылы оқиғалар автокөлік жүргізушінің, не болмаса жаяу жүргіншінің жол қозғалыс ережесін білмеуінен туындайды. Осы жағдайдың алдын алып, балалардың көліктік травматизмінің алдын алу үшін өте мұқият болу керек екендіктері айтылды.Сондай-ақ күннің ең қауіпті уақыты – таңертеңгі және түстен кейінгі кез. Жол қозғалысы оқиғаларынан ең көп зардап шегушілер 7-ден 14 жас аралығындағы балалар екені алаңдатуда. Балалардың қатысуымен болатын жол қозғалысы оқиғаларының ең негізгі себептері: жолды белгіленбеген жерден жақын жүріп келе жатқан көліктің алдынан қиып өту,жол қиылыстарында ойнау, тоқтап тұрған автокөліктің алды-артынан өту, велосипед мініп, жол қозғалысы ережелерін бұзғандықтан және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтамағандықтан туындайды. Балаларды жол-көлік қозғалысынан жарақат алудың алдын алу мақсатымен, сонымен қатар жолдар мен көшелерде қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларды бекіту өте маңызды деп сөз қозғалды.








