Ауған соғысы » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауған соғысы
19
ақпан
2024

Ауған соғысы

«Ауғанның отты жалыны »

№22жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы2024 жылдың Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай іс-шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда. Осы жоспар аясында 
«Ауғанның отты жалыны» атты 5-сынып білімалушылары арасында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Өскелең ұрпаққа ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру көзделді. Ардагерлер ауған соғысына Меркі ауданынан 110 ер – азамат қатысып, оның бесеуі қайтыс болғаны туралы деректер айтты. Талайдың тағдырын тәлкекке салған Ауған соғысы он жылға созылды. Қаншама жас қыршыннан қиылып, қаншасы мүгедек болып оралды. Олардың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу, қабылдаған антына берік болу еді деп сынып жетекші Г.Б.Оспанова түсіндіріп, Ауғанстан туралы бейнефильмнен үзінді көрсетілді.
«Ауғанның отты жалыны »

13 ақпан күні мектебімізде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай 
«Ауғанның отты жалыны» атты 1-сынып білімалушылары арасында сынып жетекші А.Ж.Шабикова тарапынан тәрбие сағаты ұйымдастырылып өткізілді.  


"Ауғанның асуында от кешкендер" атты кездесу кеші 
№ 22 жалпы орта білім беретін мектепте директордың тәрбие ісі жөндегі орынбасарының жоспарына сәйкес "Ауғанның асуында от кешкендер" 9,10шы-сынып оқушылары, сынып жетекшілері, мектептің кітапханашысы, әскери дайындық мұғалімдерімен біріккен іс-шара өткізілді. Іс-шараға Ауданымыздың ауған соғысының ардагерлері Шолпанқұлов Ержан, Зеткулов Есболаттың қатысуымен өтті. Ерлік кездейсоқ болмайды ол жауынгердін жүрегінде. Ардагерлер оқушыладың сұақтарына жауап бере отырып бастан ешкен ерліктерін айтты. Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер.Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа ,қатысып батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаhарман жерлестерімізді мақтан етеміз.Іс-шара өте қызықты болды.