
N 22 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы 2024 жылдың қаңтар айының 15-күні ДТІЖО П.Е.Батырбекова АӘД жетекшісі А.Мәуленбеков таңертеңгілік рейд жұмыстарын жүргізді.Білім алушыларға мектептің ішкі тәртіп ережелері таныстырылып, мектепке тыйым салынатын заттар, ұялы телефон әкелмеу туралы, сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу, әдептілік туралы айтылды. Сонымен қатар мектеп формасы талапқа сай, яғни қыз балалардың юбкасы тізеден асатын, ұл балалардың шалбары тобықты жауып тұру керек екендігінде ескертілді.
✅Рейд барысында оқушыларға өмір қауіпсіздігі, тәртіптері, суық қарулар, қалта ұрлығы,жеке бас тазалығы т.б жайында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, осы бағытта жұмыстар әлі де жалғасын табу керектігін сынып жетекшілерге де ескертті.