
№22 жалпы орта білім беретін мектебі. Балалардың қысқы демалыс күндеріне орай құрылған жоспар бойынша, "Үкілі домбыра"үйірмесінің жетекшісі М.С.Абдрешова "Отбасылық таланттар" атты еркін тақырыбында онлайн ән байқауын өткізді. Бұл байқауға 6 сыныптың өнерлі үйірмеге қатысушылары отбасылық жағдайда қатысты.Төлеген Аружан "Анама" әнін, Құралай Мерей " Атамекен" әнін, Дүйсенбек Әлия " Егеменді Қазақстан" және Мырзахан Жаннұр "Мектебім" әнін орындады. Балалар орындау шеберліктеріне қарай орындар мен марапатталды. 05.01.2024 жыл.