"ҚР Адам саудасына тосқауыл қою " атты дөңгелек үстел » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "ҚР Адам саудасына тосқауыл қою " атты дөңгелек үстел
09
қаңтар
2024

"ҚР Адам саудасына тосқауыл қою " атты дөңгелек үстел

№22 жалпы білім беретін мектебінде Адам саудасына байланысты қылмысты профилактикасын алдын - алу аясында өткізілген іс- шаралар жоспары құрылып өз кезегінде атқарылуда.Осы жоспар аясында ағымдағы 2024 жылында сынып жетекші А.Бакеева 9-сынып сынып білім алушыларымен "ҚР Адам саудасына тосқауыл қою " атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның мақсаты: оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып , өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып , балалар құқығын қорғауға үйрету болды.Сондай-ақ "Адам саудалау " мәселесіне назар аудара отырып, бұл құбылысты қоғамға және одан жапа шеккендерге тигізетін әсерін түсіндіру арқылы түсіндірме бейнеролик көрсетілді.Бейнероликтен адам саудасы - мәжбүрлі еңбек , қарыздық , құлдық , адамдарды күштеп пайдалану қылмыстық жантүршігерлік формалары екенін білді.Адамдардың құлдыққа қандай жағдайда түсетінін анықтады.Адам саудасы жөніндегі қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу , жолын кесу және ашу жөнінде Қазақстан Республикасының әрбір азаматы мұндай қатігез әрекетке тұсау салуға білек сыбана кірісу керек екенін түсінді.Тәуелсіз еліміздің ертеңі бүгінгідей нұрлы болуының өзі осыған байланысты екенін әсте естен шығармаған жөн.Сондықтан қазіргі күні адам саудасымен күрес бір мемлекеттің ғана емес, барша адамзаттың күш біріктіруін айрықша талап етеді.Демек,бірлесіп күресуіміз қажет!
ДТІЖО :П.Е.Батырбекова