26
қазан
2023
Қазақстан Республикасы аумағында жүріп жатқан "Мектеп" атты профилактикалық түсіндіру жұмыстары.
Кәмелетке толмағандар арасында таралған қылмыстардың алдын алу және мектеп білім алушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ағымдағы 2023 жылдың 26 қазан күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы аумағында жүріп жатқан “Мектеп” атты профилактикалық іс-шаралары аясында мектеп әкімшілігі мен Меркі АПБ-нің қызметкерлері бірлесе отырып, жоғары сыныптарының оқушыларымен кездесу іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Кездесуге Меркі АПБ -нің ӘПБбастығы полиция майоры Байтемиров Бейбіт, ЮПТ полиция лейтенанты мектеп инспекторы Маңызқызы Арна,директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Батырбекова П.Е, психолог М.Раманданова әлеуметтік педагог Г.Б.Оспанова .Жұмыс барысында кәмелетке толмағандар арасында жиі орын алатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың орын алуының себептері мен олардың алдын алу бойынша ой-пікірлер айтылды. Заңға қайшы әрекеттері үшін жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершіліктері туралы кеңінен ақпараттар берілді. Мектеп оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Іс-шараға мектебіміздің 8-11 сыныптарының білім алушылары қамтылды.










