05
мамыр
2023
9-мамыр- Жеңіс күніне орай өткізілген «Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыбында мерекелік іс-шара.
№ 22 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-сәуір күні 9-мамыр- Жеңіс күніне орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сай «Ұлы Жеңіс жасасын!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттыққа, адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Мерекелік іс-шараға әкелер кеңесінің төрағасы Кадыров Әсет Пермебайұлы қатысып,Алғашқы сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары П.Е.Батырбекова жүрекжарды жылы лебізін білдіріп өтті. Іс-шарада бастауыш сынып оқушылары сұрапыл соғыс және елін, жерін қорғаған майдангерлер туралы өлең шумақтарын айтты.
Бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды. 8-сынып оқушылары «Көк орамал» биін өз нақышына келтіре биледі.
"Үкілі домбыра"уйірме шәкірттерінің «Ерке сылқым» күйін құйқылжыта тамаша орындап шықса,
1-сынып оқушысы Нұрлан Арудың орындауында «Жеңіс туы желбіреп» әні, 2-сынып оқушылары Ерсаин Шалқардың орындауында «Мен қазақтың ұланымын» әні, Пермебай Рамазанның орындауында «Мен қазақтың баласы» әні көрермендердің қошеметіне ие болды. 8-сынып оқушыларының «Анама хат» көрінісі арқылы Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен солдаттар туралы көрінісін көрсете білді. Бастауыш сынып мұғалімі Жундибаева Салтанат Идрисовна «Катюша» әнін айта отырып, оқушыларға Отанға, жерге деген патриоттық сезімдерін оята білді. Мерекелік шарамыз «Жеңіс күні» хорымен өте әсерлі аяқталды.
Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Ұлы жеңіс күні мерекесі құтты болсын!