Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері
14
наурыз
2018

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері

 №22 жалпы білім беретін мектебінде  «Жаңартылған  білім беру мазмұны  аясында  білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері» туралы 

   Анықтама

                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Мақсаты:Оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін бағалау критериалдары  негізіндегі мұғалім жұмысын жақсарту.

Семинар 6 бөлімнен тұрды:

1.Кіріспе мектеп директоры Сейдалиев Е.Е 

Мектеп басшысы критериалды бағалау жүйесі жалпы білім беретін мектептердегі білімалушылардың оқу жетістіктерін бағалау тәжірибесіне өзгерістер енгізудіңнегізін анықтайтындығын, бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін  дәріптеп айтып өтіп, семинарды ашып берді.

2. «Топтық жұмыстың тиімділігі» коучинг математика пәнінің мұғалімі Джарылқапова  Айгүл өтті.Презентация арқылы тақырыптар ашылып, «Топтағы мотивация» бейнежазбасы көрсетіліп, мұғалімдердің ойы тыңдалды.Еркін талқылау стратегиясы бойынша: Қазақстаннан шығатын  газет журналдардың атын жылдам жазып шығып, мұғалімдердің шапшаңдығы мен іскерлігі анықталып жатты. «Ақылдың алты қалпағы » әдісі арқылы  «Критериалды бағалау жүйесі» туралы ой анықталды.

3.«Жаңартылған  білім беру мазмұны  аясында  білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері»  жасалған слайд арқылы баяндаманы  мектеп директоры  Сейдалиев. Е.Е жасады.

4. Мектеп үйлестірушісі Оспанова .Г.Б «Критериалды бағалау жүйесі» туралы бейнетаспаны көрсетіп, мектепте жасалып жатқан жұмыстардың атқарылуы туралы ой бөлісті.

5. «Алғашқы әсер»  атты тренинг мұғалімдерді жағымды эмоцияға  бөлеп, семинардың тақырыбын ашуға жақсы әсер болды.

6. Семинар туралы кері байланыс алынып, мұғалімдердің  семинардан алынған әсері анықталды.