Жундибаева С.И. ұйымдастыруымен “Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әдепті балалар” тақырыбында ашық сабақ өткізді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жундибаева С.И. ұйымдастыруымен “Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әдепті балалар” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
22
қаңтар
2026

Жундибаева С.И. ұйымдастыруымен “Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әдепті балалар” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

2026 жылдың 22 қаңтар күні «Сапалы білім – тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында бастауыш сынып әдістемелік бірлестік айлығының жоспарына сәйкес Жундибаева С.И. ұйымдастыруымен “Жуан және жіңішке айтылатын сөздер. Әдепті балалар” тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақта оқушылар тақырып пен иллюстрацияларға сүйене отырып, аудио, бейнежазба және кітап материалдары арқылы мәтіннің мазмұнын болжады. Сонымен қатар айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазып, есту және есте сақтау арқылы жазу дағдыларын жетілдірді. Оқушыларға дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу, сонымен қатар дауысты дыбыстардың жуан және жіңішке болып бөлінетінін түсіндіру мақсатында түрлі тапсырмалар ұсынылды.Сабақ барысында оқушыларға жеке, жұптық және топтық тапсырмалар беріліп, олар Wordwall платформасы арқылы интерактивті тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер: көрнекі, тыңдалым, ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс және интерактивті әдістер арқылы білімді меңгерту ұйымдастырылды.

Похожие публикации: