28
қазан
2025
28-қазан күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №2 отырысы өткізілді.
28-қазан күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің №2 отырысы өткізілді.Отырыста келесі мәселелер қаралды:1. І тоқсанның оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы және пән мұғалімдерінің модерация нәтижелері бойынша талдау жасалды. Оқу сапасы, үлгерім көрсеткіштері мен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру бағытында жүргізілген жұмыстар қаралды.2. «Жасанды интеллект элементтерін сабақта қолдану» тақырыбы талқыланып, бастауыш сыныптарда АКТ құралдары мен цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану жолдары ұсынылды. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, әсіресе білім беру платформалары мен жасанды интеллектке негізделген бағдарламаларды оқу процесіне енгізу тәжірибелерімен бөлісті.
3. «ББЖМ-ге (Білім берудегі жетістіктерді мониторингілеу) дайындық жұмыстарының барысы туралы мектеп әкімшілігі және бірлестік жетекшісі тарапынан ақпарат ұсынылды. Диагностикалық жұмыстар, бақылау тестілері мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша дайындық барысы талданды.
Отырыста мұғалімдер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, ІІ тоқсандағы оқу процесін тиімді ұйымдастыру бойынша міндеттер нақтыланды.