2025 жылы тамыздың 26 күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану - математикалық әдістемелік бірлестік педагогтерімен №1 отырыс ұйымдастырылып, өткізілді. » СШ№22 Екпенды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№22 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 2-94-67
Сенім телефоны:
+7(708) 455 82 08
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылы тамыздың 26 күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану - математикалық әдістемелік бірлестік педагогтерімен №1 отырыс ұйымдастырылып, өткізілді.
26
тамыз
2025

2025 жылы тамыздың 26 күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану - математикалық әдістемелік бірлестік педагогтерімен №1 отырыс ұйымдастырылып, өткізілді.

2025 жылы тамыздың 26 күні №22 жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану - математикалық әдістемелік бірлестік педагогтерімен №1 отырыс ұйымдастырылып, өткізілді. Әдістемелік бірлестік отырысында жаратылыстану - математикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Джарылкапова педагогтерді өткен оқу жылында атқарылған жұмыстардың нәтижесімен, яғни жетістіктерімен таныстырып өтті.“2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектебінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы “ әдістемелік-нұсқау хатпен таныстыра отырып, оның ерекшеліктеріне тоқталып, талқылау жүргізілді. Жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуда жаңа оқу жылында білім мазмұнының басты басымдықтары: функционалдық сауаттылықты дамыту, зерттеу және жобалау дағдыларының қалыптастыру, цифрлық құзіреттілікті жетілдіру, үлгерімі төмен білім алушыларға академиялық қолдау көрсету, оқу процесінің жасанды интеллект (ЖИ) қолдану, оның дұрыс пайдалану дағдыларын үйрету, адами құндылықтарды дамыту, тәрбиелік компонентті күшейтуге және инклюзивті орта қалыптастыруға баса назар аударылуы тиіс. Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің жетекшісі : А.Джарылкапова