
№22 жалпы орта білім беретін мектебінде 16.01.24 жылы ұстаз арасында "Педагогтардың кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыру әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың басты шарты" атты мұғалімдер арасында семинар өткізілді. Қазіргі замандағы жағдайлардағы кәсібиліктің өсуі маман құзыреттілігінің кәсібилік мәселесін ерекше қарастырылатындығы, Кәсіби құзыреттілікке- тұлға маманның интегративті сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын талдау жататыны айтылды. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылатыны туралы айтылып талданды. Кәсіби құзыреттілік үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды және құзыреттіліктің психологиялық негізі өз біліктілігін көтеру, кәсіби дамытуды дайындауды қажет ететіні туралы айтылды. Педагогикалық кәсіп бір уақытта басқарушы және өзгеруші болып табылады және тұлға дамуын басқару үшін құзыретті болуы қажет екенін сондай - ақ педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түсінігі педагогикалық қызметті жүзеге асыруға дайындықты және оның кәсіби сипаттамасын көрсететінін, педагогтың дайындығының мазмұны қандай да бір мамандық бойынша –педагог құзыреттілігінің нормативті моделі, кәсіби білім, шеберліктер мен дағдылар құрамын бейнелейді. Құзыреттілік сипаттамасы- бұл теориялық және тәжірибелік деңгейде талаптарды жалпылау екені айтылды.
ДОТІЖО:Б.А.Мусаева