
№22 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасына аудандық білім бөлімінен берілген әдеби кітаптар және кітап қорын толықтыру. Кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптар туралы ұстаздар мен оқушыларға ақпарат таратып таныстыру. "Жақсы кітап жан азығы" дегендей кітап өмірдегі бар байлыққа білімге жетелейді. Мысалы атап айтсақ Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уалиханов, Жүсіпбек Аймауытовтың "Қартқожа", Ғабит Мүсірепов "Ана туралы новеллалар", Шерхан Мұртаза "Бесеудің хаты", Роза Мұқанова "Мәңгілік бала бейнесі", Ұлттық болмысымыз бен тарихымызды, салт-дәстүріміз бен тілімізді сүйіп, оны бойға сіңіруде кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптардың септігі тиері анық. Жастарды кітап оқуға ұмтылдыру қызығушылығын арттыру жөнде атқарып жатқан істер мол.